Жаңалықтар

«Шынын айтқанда, бұл – жемқорлық» – Президент кәсіпкерлерге қарсы әдейі жасалған кедергілерге тоқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге, әсіресе, шағын және орта бизнеске тең мүмкіндік беріп, әділ бәсекеге жол ашу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Талап сақталмайды

Оның сөзінше, кей жағдайда осы талап сақталмайды. Қазірдің өзінде өндірушілер, әсіресе азық-түлік саласындағы кәсіпорындар бірқатар қиындыққа тап болып жатқанын алға тартты.

Тіпті, әдейі жасалған. Мысалы, импорттық тауарлардың құны қолдан төмендетіліп отыр. Ал отандық өнімдердің ішкі нарыққа шығу жолы әдейі шектеліп жатады. Шынын айтқанда, бұл – жемқорлық. Сондықтан осындай қитұрқы әрекеттерді тоқтату керек, – деді Президент.

«Экономикаға зиян келуі мүмкін»

Тоқаев мұндай ахуал елдегі компаниялар мен тауарлардың бәсекеге қабілетін едәуір әлсіретіп жіберетіні сөзсіз екенін жеткізді.

Осындай іс-қимылдарға қатаң тосқауыл қойылмаса, экономикаға зиян келуі мүмкін екенін айтты.

Ал бизнеске қолдан заңсыз тосқауыл жасау, бұл – мемлекетке қарсы жасалған қылмыс деп айтсақ артық болмас, – деді Мемлекет басшысы.

Back to top button