Тергеу
Шымкентте саябақтан ер адам өлі табылды
Шымкентте саябақ аумағынан ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған ақпаратпен мұның алдында otyrar.kz бөлісті. Анықталғандай, оқиға 22 ақпанда таңертең болған. Деректі Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
“Бұл дерекке қатысты “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп жазылған хабарламада.