$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарҚоғам

Шымкентте қылмыс әлеміне белгілі “Дядя Ваня” ұсталды

Шымкент қалалық прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық ортада “Дядя Ваня” лақап атымен белгілі Иван Геррды қолға түсірді, хабарлайды Tizgin.kz.

Қарызын өндіріп алмақ болған

Kozachkov offside Telegram арнасында күдіктінің жасы 70-ке таяғаны жазылған. Алғаш рет 1981 жылы сотталыпты. Содан бері тағы үш-төрт мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Осы жолы Иван Герр туралы мәселе жергілікті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлеріне түскен мәліметтен соң туындаған. Мәлім болғандай, “Дядя Ваня” өзінен жасы кіші тағы бірнеше ер адаммен бірге қала тұрғынынан қарызын өндіріп алмақ болған.

Қолхат жаздырып алды

Герр мен сыбайластары жәбірленушіні кездесуге шақырып, оған түрлі жолмен қысым көрсеткен. Содан ер адамды 5 миллион теңге қарызы бар екенін растайтын қолхат жазуға мәжбүрлеп, бар-жоқ ақшасын тартып алған.

Содан тұрғын құқық қорғау органдарына арызданған. Аталған фактіге сәйкес “Өзінше билік ету” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті өкілдерімен бірге Иван Геррді, одан басқа да күдіктілерді ұстады.

Back to top button