Шымкентте белгілі асаба Сабыржан Түзелбаев ұсталды
Шымкент қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асабаны ұстады. Ол Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны С. есімді азамат деп ақпарат таратты ІІМ. Tizgin.kz оның белгілі асаба Сабыржан Түзелбаев екенін анықтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Шымкент қаласы полициясының хабарлауынша, тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленген. Ер адаммен бірге, алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған.
Tizgin.kz ұсталған асаба Сабыржан Түзелбаев екенін анықтады.
“Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және “мак” екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсетті. Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталуда. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.