ЖаңалықтарОқиға

Шымкент – Астана ұшақ бортында жолаушының 7,5 млн теңгесі ұрланды

Тергеу жұмыстары басталды.

Криминалдық полиция қызметкерлері әуе кемесінің бортында ұшу кезінде жасалған аса ірі көлемдегі ақша ұрлығын ізін суытпай ашты. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктілер Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жәбірленушінің салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жасырын түрде жымқырған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталып, ұсталды. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап, қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Шетел азаматтарының осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында ұрланған ақша қаражаты толық көлемде заңды иесіне қайтарылды.

Back to top button