Жаңалықтар

Шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға кетті

Қазақстан Ішкі істер министрлігі мәліметінше, мұндай жағдайлар көбінесе шомылуға тыйым салынған жерлерде болады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

МИНИСТРЛІК МӘЛІМЕТІ

Министрлік өкілдері балалармен қатар, кәмелетке толмағандардың көз жұмуына ересектер тарапынан бақылаудың болмауы да себеп екенін айтып отыр. Әсіресе демалыс кезінде ішімдікті шамадан тыс қолданудың соңы қауіпті болуы мүмкін.

ҚАНША АДАМ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түскені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы) жыл басынан бері 2700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонда да жағдай өзгерер емес.

Министрлік өкілдері тұрғындарды су айдындары маңында демалғанда балаларды қатаң бақылауда ұстап, оларды жалғыз жібермеуге үндеді.

Back to top button