Без рубрикиЖаңалықтар

Қазгидромет: Шілдеде бірқатар өңірде қуаңшылық күтіледі

Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланып отырады.

Шілде айында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қуаңшылық құбылыстары байқалатын аумақтардың ұлғаю ықтималдығы сақталады. Жауын-шашын негізінен жергілікті сипатта әрі қысқа мерзімді болады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, 2026 жылғы шілде айына арналған алдын ала болжамға сәйкес, орташа қуаңшылық жағдайлары мына өңірлерде күтіледі:

  • Павлодар облысында – Ақтоғай, Ертіс, Железин, Успен, Шарбақты және Май аудандарында;
  • Қарағанды облысында – Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында;
  • Шығыс Қазақстан облысында – Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай аудандарында және Шемонаиха мен Өскемен қалаларының маңында;
  • Абай облысында – Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы аудандарында және Жаңа Семей ауданында;
  • Алматы облысында – Балқаш және Жамбыл аудандарында;
  • Жетісу облысында – Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандарында;
  • Жамбыл облысында – Қордай, Т. Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;
  • Түркістан облысында – Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандарында;
  • Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

Ал орташа ылғалды жағдайлар:

  • Қостанай облысында – Қарабалық және Жітіқара аудандарында;
  • Ақтөбе облысында – Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында болжанады.

Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы айда қалыпты деңгейде болады деп күтілуде.

Back to top button