Без рубрикиҚоғам

«Шавкат неке шартын ұсынды»: Рахмоновтың экс-жары шындығын айтты

UFC файтері, қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов пен оның бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова арасында неке шарты болғаны белгілі болды. Бұл туралы Гүлайым Рахмонова журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, спортшы бір кездері неке шартын жасауды өзі ұсынған. Бастапқыда Гүлайым бұл ұсынысқа мән бермегенімен, кейін келісімге қол қойғанын айтты.

«Ол маған «врачный договор жазып бер» деген әңгімелер айта бастады. Алғашында оны әзіл ретінде қабылдап, күліп мән бермедім. Кейін сен маған онда бір бизнес ашып бер. Я біз тұрып жатқан үйді бер, мен саған неке шартын берейін дедім. Сонша бала өмірге әкелдік. Онда неге менімен бірге тұрып жатырсың. Бір жағынан, мүмкін, өзінің анасының, бауырларының арасында басқа да бір әңгіме болған шығар деп ойладым. «Ертең ажырассаң сенің дүниелеріңе таласады» деген сияқты.. Соңында “құлағым тыныш болсын” деп келісіп, шартқа қол қойдым», – дейді ол.

 Гүлайым Рахмонованың сөзінше, келісімде ажырасқан жағдайда әр тараптың өз атындағы мүлкі өзінде қалатыны көрсетілген.

«Егер ажырасқан жағдайда кімнің атында не бар, сол өзінің атында қалады деп жазылған шартта» – дейді Гүлайым Рахмонова.

 

 

Back to top button