$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарҚоғам

«Сенбеңіздер»: қандастарға ҚАЗТЕСТ-тен өтуге «көмектескіштер» пайда болды

Көші-қон комитетіне құжаттарды рәсімдеп, тестілеуден өтуге көмектесуге уәде беретін делдалдар туралы өтініш көп түсіп жатқан көрінеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сақтық танытуға шақырды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті өкілдері Қазақстанға қоныс аудару кезіндегі кейбір тұсқа жіті мән беру керектігін мәлімдеді. Әсіресе, құжаттарды рәсімдеуде сақтық танытып, тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.

«Делдар туралы өтініштер көбейді»

Қазір аталған комитетке құжаттарды рәсімдеуді ақылы түрде жеделдетуге көмектесеміз дегендер жиі төбе көрсетіп жүр. Оған қоса, тестілеуден өтуге қолұшын созып, мемлекеттік қызметтерді алуға ықпал етеміз деп уәде беретін делдалдар туралы өтініштер түскен.

Ресми түрде ескертеміз: мұндай уәделерге сенбеңіздер. Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтер белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Тестілеу нәтижелерін немесе құжаттарды қарау нәтижесін қандай да бір ақы үшін өзгертуге болмайды, – деді Көші-қон комитеті этникалық миграция басқарма басшысы Нұрбол Байсынов.

Жауапты тұлғалар бейтаныс делдалдарға ақша бермеуге үндеді.

Back to top button