$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарОқиға

Семейлік «мерген»: түнгі атыс қала тұрғынының қамауға алынуымен аяқталды

Семей тұрғынының түнгі «қызығы» бес тәулікке қамауға алынуымен аяқталды. Мас күйдегі жас жігіт дабыл беретін тапаншадан екі рет әуеге оқ атқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға қалай болған

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 23 жастағы ер адам алкогольдік масаң күйде қаланың бір ауданында атыс ұйымдастырған.

Оқиға 23 қыркүйекте түнгі сағат 02:00 шамасында Момышұлы көшесінде, мейрамханалардың бірінің маңында болған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтап, оны полиция бөліміне жеткізген.

Бес тәулікке қамауға алынды

Ер адамға қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды.

Сот қаулысымен ол 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Полиция ескерту жасады

Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button