Жаңалықтар
Семейдің азаматтары суға батып бара жатқан баланы құтқарып алды (Видео)
Семейдің азаматтары суға батып бара жатқан Костя атты баланы құтқарды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Озерки ауылында атпен серуенге шыққан Тимур Рахымжанов, Санат Ерғалиев пен Мейрамбек Ибатолаев су жағасының маңынан өтіп бара жатып жас баланың тұншығып жатқанын көрген. Әуелі Санат суға атпен түсіп баланы алып шықпақ болған. Алайда судың тереңдігі мен қалың балдыр балаға атпен жетуге мүмкіндік бермеген. Осыдан кейін Тимур Костяны судан алып шығып, жас баланы құтқарып қалды.
“Менің орнымда кез келген азамат осындай әрекет жасар еді”, – дейді Тимур.
Посмотреть эту публикацию в Instagram