Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды қайтарған «Байсат» базары арзандатылып сатылды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған «Байсат» базары аукционда сатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Баға қаншаға түсірілді

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (KUVA) бағасын шамамен 13%-ға түсірген. Шамалап алғанда базар 24,7 млрд теңгеге сатылды.

Әу бастағы бағасы

Sauda порталындағы электронды аукцион 7 тамыз күні түскі сағат 12.00-де өтті. Саудаға бір субъект қатысып, базарды 24 772 753 285 теңгеге сатып алды. Әзірге Алматыдағы қымбат нысанды кім сатып алғаны белгісіз.

Әу баста бағалаушылар «Байсат» құнын 28,6 млрд теңге деп бағалаған.

Back to top button