$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Сәрсәмәлиевтің әйелі Ақбаян балаларымен қауышты (Видео)

Атыраудағы резонансты қылмыстық істен кейін психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған Ақбаян Мұқанғалиева ауруханадан шықты. Қазір ол туыстарының қарауында болып, біртіндеп қалыпты өмірге оралуға тырысып жүр, деп жазады Атырау газеті. 

Ақбаян – бұған дейін сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сарсемалиевтің жұбайы.

Қазір оның денсаулығын қалпына келтірумен қатар, қоғамға қайта бейімделуіне ерекше көңіл бөлінуде. Ол түрлі оңалту орталықтарына барып, қажетті сауықтыру және әлеуметтік бейімдеу шараларынан өтуде. Жақындары бұл процестің асықпай, кезең-кезеңімен жүргенін қалайды.

Ақбаян әкесінің ағасының қызының үйінде тұрып жатыр. Туыстары оны жалғыз қалдырмай, күнделікті өмірге қайта оралуына қолдау көрсетуде. Соңғы уақытта ол балаларымен де қайта кездесіп жүр. Балаларына барып, олармен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік алған. Жақындарының айтуынша, балаларымен жүздесу Ақбаянның көңіл күйіне оң әсер етіп, оның қалыпқа келуіне көмектесіп жатқандай.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button