ЖаңалықтарСпорт

Сәпиев кеткен қызметке кім тағайындалды

Туризм және спорт министрлігі Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Комиссия мүшелері Алматы облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығының басшысы Нұркен Нұратовтың кандидатурасын мақұлдаған.

“Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңір спортын дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды”, – делінген хабарламада.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.

Back to top button