Тергеу

Санжар Боқаев тағы бір ай қамауда отырады

Алматы қаласының тергеу соты қорғау тарапының бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырған жоқ, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АДВОКАТТЫҢ АЙТҚАНЫ

Аталған мәліметпен Боқаевтың адвокаты Радмир Утепов бөлісті.

Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қорғауымыздағы Санжар Боқаевтың қамауда ұстау мерзімін 18 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Біз берген өтініш қанағаттандырусыз қалдырылды, – деді адвокат.

МӘН-ЖАЙЫ

Айта кетейік, қоғам белсендісі Санжар Боқаев наурыз айында ұсталған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес ол ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастырды. Құрылыс нысандарындағы ұрлыққа қатысты және аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп күдікке ілінген.

Back to top button