Экономика

Салық органдары мобильді аударымдарды тексере бастады

Қазақстанда банктерден алынған мобильді аударымдар туралы деректерді салық органдары өңдеп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мәжіліс кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов алғашқы салықтық хабарламалар азаматтарға мамыр айында жіберіле бастайтынын айтты. Сонымен қатар ол банктерден 15 сәуірге дейін түскен мәліметтер қазіргі уақытта талдау кезеңінде екенін атап өтті.

“Әзірге нақты қанша азаматтың аударымдары бақылауға алынғанын айту мүмкін емес. Себебі бір адамның деректері бірнеше банктен келуі мүмкін. Сол себепті ақпаратты толық талдап, санаттарға бөліп шығу қажет”, – деді ол.

Вице-министрдің мәліметінше, деректер алдымен азаматтардың мәртебесіне қарай жіктеледі. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға, бейрезидент немесе өзге санаттағы салық төлеуші.

“Қорытынды жасауға әлі ерте. Мамыр айында ғана алғашқы хабарламалар жіберіле бастайды. Сол кезде нақты талдау нәтижесін көреміз, – деді ол.

Back to top button