Сараптама

Сахарадан Голан жотасына дейін: көк беретті бітімгерлер бейбітшілікке қалай үлес қосып жүр

Қазақ армиясының бітімгершілік қызметі 2003 жылы инженерлік-саперлік жасақ ретінде құрылған Қазбат жасағынан бастау алады. Дегенмен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Орталық Азиядағы қақтығыстар ошағында бітімгерлік миссия атқарған сарбаздардың ерлігі тарихқа аян. Қазақ әскері 2014 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияларына жүйелі түрде тартыла бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

12 жылдың ішінде олар Батыс Сахара, Кот-д’Ивуар, Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Мали, Ливан және Голан жоталары сияқты жеті миссия аймағында қызмет атқарды.

Осылайша 750-ден астам қазақстандық әскери қызметші БҰҰ операцияларына қатысу арқылы нақты қақтығыстар радиусында аса құнды тәжірибе жинақтады.

2024 жылға дейін біздің бітімгерлер түрлі елдермен бірлескен контингент сапында жұмыс істеп келген еді. Ал қазір дербес ұлттық контингент ретінде әрекет етіп жүр. Мұнда олар атысты тоқтату режимін бақылау, патрульдеу, гуманитарлық міндеттерді орындау және жарылыс қаупі бар заттарды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Миссия басталғалы 675 тапсырма орындалып, 1200-ден астам жарылғыш зат пен 43 қолдан жасалған құрылғыны залалсыздандырылған. Осы еңбегі бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды.

Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсаинов қазір қазақстандық бітімгерлер Африка мен Таяу Шығыстағы 7 миссияға қатысып жатқанын айтады.

Олжас Құсайынов

“Халықаралық ұйымдар аясындағы әріптестік ел армиясының әлеуеті жетілдіруге мүмкіндік береді. Әсіресе бітімгерлік миссияларға қатысу арқылы ұлттық контингенттің жауынгерлік даярлығын жетілдіріп, тілдік даярлығын пысықтауға мүмкіндік аламыз. Оны әскери медицина, әскери білім, инженерлік-саперлік даярлық, ақпараттық және киберқауіпсіздік машықтарын дамытудың бір арнасы деуге болады, – дейді департамент бастығы.

Қазақстанның сарбаздары мемлекет бекіткен аумақта бітімгерлік миссиясын атқаруды жалғастыра бермек.

Back to top button