TOP-2Оқиға

Ресейде үлкен төбелес болып, Қазақстан азаматтары ұсталды

Ресейдің Ленинград облысында Қазақстан азаматтары төбелесті деген ақпарат тарап жатыр. Ресей БАҚ-тары 31 адам полицияға жеткізілгенін хабарлайды.

Оқиға Усть-Луга порты маңында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда бір топ жас жігіттің шу шығарып, төбелесіп, тас атып жатқаны көрінеді. Артынша жарқылдақ шамдары қосылған көлік жылдамдықпен келіп, бір топ ішіне кіріп, адамдарды тарата бастайды. Осы сәтті түсірген адам көліктің адамдарды қағып кеткенін айтады. Оқ атылған дыбыстар естіледі. Жігіттердің бір бөлігін күштеп көліктерге отырғызып әкеткен.

Желілерге тараған ақпаратқа қарағанда, Қазақстаннан вахталық жұмысқа барған азаматтар жергілікті күзетшілермен төбелесіп қалған көрінеді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Санкт-Петербург қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы Усть-Луга кентіндегі “Велестрой” компаниясының нысанында Қазақстан азаматтарының қатысуымен болған жанжал туралы ақпаратты тексеріп жатқанын хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысушыларды құқық қорғау органдары ұстаған. Ресейдің құзырлы органдарына және компания басшылығына ресми сұраулар жолданды», – деп хабарлады министрлік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button