ЖаңалықтарЭкономика

Ресей Қазақстаннан қарызға ақша алатын болды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Ресей Банкі ұлттық валюталардағы своп туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚҰЖАТТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН

Құжаттағы келісімге сәйкес, қос тарап керек болғанда орталық банк ретіндегі міндетті орындауға жәрдемдесу үшін екінші жақ валютасындағы қысқа мерзімді өтімділікті қолдана алады. Своп-желінің көлемі – 225 млрд теңге (35 млрд Ресей рублі).

МӘМІЛЕ МЕРЗІМІ ҚАНДАЙ

Аталған келісім 3 жылға жасалған. Одан бөлек, әр мәміле мерзімі бір жылдан аспайды, сондай-ақ операциялар нарықтағы пайыздық мөлшерлемелер бойынша жүреді.

Валюталық своп – халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын, орталық банктерге өзара байланыс орнатуға мүмкіндік беретін стандартты тетік.

Своп туралы келісім Ұлттық Банк пен Ресей Банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадам көрінеді.

Back to top button