Рэпер De Lacure-дың даулы сұхбатынан кейін полиция одан жауап алды

Танымал рэпер Әнуар Баймұхаев «Мне стыдно» шоуының эфирге шықпаған шығарылымы төңірегіндегі талқыдан кейін көптің сынына ілінген еді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Шоуда рэпер екі досы – Мироха, Асхатпен бірге көшеде көмек сұраған әйелдің дауысын естігенін баяндаған. Кейін олар жарақат алған әйелді тауып, оған көмектесуге тырысқан. Алайда бір сәтте достарының бірі өзгелерден алыстауды сұрап, «әрі қарай мәселені өзі шешетінін» айтқан.
Көрермендердің сөзінше, осыдан кейін әйелге қатысты зорлық әрекеті болған. Ал қалғандары сол маңда болып, не болып жатқанын түсінген.
Бүгін Алматы полициясы осы шудан кейін рэпер полицияға жеткізілгенін хабарлады. Рэпер жауабында оқиғаның 2012 жылы болғанын айтқан.
“Ол азамат ақпараттың бұрмаланып берілгенін, сондай-ақ зорлық-зомбылық әрекеттерінің орын алмағанын мәлімдеді. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғанын растайтын объективті деректер анықталған жоқ.
Тексеру шаралары аяқталды”, – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.