Жаңалықтар

Рейд кезінде ұсталған Үндістанның 35 азаматы елден шығарылды

Алматы әуежайында шекаралық және паспорттық бақылау рәсімдерінен өткенше тәртіп сақшылары жандарында қадағалап жүрді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Полиция не дейді

Алматы қалалық полиция департаменті мәліметінше, көші-қон қызметі жүргізген тексеру кезінде шетел азаматтарының орналасқан жері анықталып, қолға түсті. Сот шешімімен тәртіп бұзушылар Қазақстан аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды.

35 адамды Алматы әуежайында шекаралық және паспорттық бақылау рәсімдерінен өткенше тәртіп сақшылары жандарында қадағалап жүрді.

Қабылдаушы тарап та жауапқа тартылды

Сондай-ақ шетел азаматтарын қабылдаған тараптар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар елде болу мерзімі аяқталған соң шетелдіктердің уақтылы шығуы шаралар қабылдамаған.

Полицейлер көші-қон талаптарын сақтау шетел азаматтары үшін де, оларды қабылдайтын тараптар үшін де міндетті екенін еске салды.

Back to top button