Жаңалықтар

Рақышевтың компаниясы 393 млн теңгеге жуық дивиденд төлейтін болды

Кеңес Рақышевтың иелігіндегі «Fincraft Resources» акционерлік қоғамы артықшылығы бар акция иелеріне дивиденд төлейтін болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қаражатты қашан шотқа аударады

Қазақстан қор биржасының (KASE) баламалы алаңында SATCp кодымен саудаланатын әрбір артықшылықты акцияға 1 теңгеден дивиденд есептелген.

Қаражатты акционерлердің ағымдағы шоттарына аудару 24-шілдеден басталады. Төлем алатын бағалы қағаз иелерінің тізімі өткен жылғы 23 шілдедегі сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасақталған.

Ескере кететін жайт, «Fincraft Resources» 2024-2025 жылдары жай акциялар бойынша дивиденд бөлген жоқ болатын. Компанияның 78,85% үлесі «Fincraft Group» холдингіне, ал 15,72% үлесі «БТА Банкіне» тиесілі. Кеңес Рақыше осы акционерлік қоғамның түпкі иесі саналады.

Рақышевтың дәулеті қаншаға бағаланды

Екі жыл бұрын Fincraft Resources бірнеше активін иеліктен шығарды. Өткен жылы маусым айының соңында Nomad west oil мұнай компаниясының 50 пайыздық үлесінен құтылса, Батыс Қазақстан облысында гипс өндіретін «Индергипс» компаниясындағы үлесін сатты. Сондай-ақ, жұмысы тоқтаған «Орталық Азия инвестиция-консалтинг» деген еншілес мекемесін жапты.

Кеңес Рақышев Forbes журналының дерегіне сәйкес елдегі ең дәулетті 50 кәсіпкер тізімінде 27-орында. Байлығы 402 миллион АҚШ долларына бағаланды.

Back to top button