Тергеу

Әйелімен жанжалдасқан Рахат Тұрлыхановтың ісі прокурорларға жолданды

Әйелімен жанжалдасып, қоғам назарына ілінген Рахат Тұрлыхановтың ісі прокурорға жолданды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Алматы соттарының мәліметінше, Рахат Тұрлыханов үйінде жұбайымен жанжалдасып, оны қорлап, қорқытып, айқайлап, үйдегі тыныштықты бұзған.

Сот жәбірленушінің бұған дейінгі дене жарақатын келтіру туралы бастапқы арызын ескерді. Нәтижесінде бұл іс қылмыстық әрекет белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін прокурорға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолданды.

Айта кетейік, 15 наурызда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталған еді. Бұған дейін де Рахат Тұрлыханов осындай оқиғаларға қатысты бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір жағдайда 10 тәулікке қамауға алынған.

Back to top button