Жаңалықтар
Қытайға баруды көздеген қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды
Қытайға ұшатын қазақстандықтарға 15 қыркүйектен бастап елге кіру және шығу кезінде жаңа рәсімдер енгізілетіні ескертілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Уақыт көп кетуі мүмкін
Осыған байланысты FlyArystan жолаушыларға әуежайға әдеттегіден ертерек келуге кеңес берді. Олар бөліскен жаңа талаптарға сәйкес Қытайда паспорттық және көші-қон бақылауынан өтуге енді көбірек уақыт кетуі мүмкін.
Үш сағат ерте келу қажет
Әуе компаниясы жолаушыларға рейске дейін кемі үш сағат бұрын әуежайға келуді ұсынды.
Сондай-ақ төлқұжаттың жарамдылық мерзімін алдын ала тексеріп, сапарға қажетті құжаттың толық болуына назар аудару қажет, – делінген ақпаратта.
Бұл ретте Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим сақталады. Қазақстан азаматтары Қытайға бір барғанда 30 күнге дейін визасыз жүре алады.