ЖаңалықтарҚоғам

Мақпал Жүнісова күзетшісі мен жүргізушісіне баспана сыйлады

Толық жабдықталған үйлер арнайы тапсырыспен жасалған.

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өзіне қызмет ететін күзетшісі мен жеке жүргізушісіне арнап толық жабдықталған үйлер сатып берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Жүргізуші мен күзетшінің жаңа үйлері дайын. Ішінде барлық жағдай жасалған: дәретхана, ас үйі, жататын бөлмесі бәрі бар. Таңғы сағат бесте арнайы техникамен құрылып жатыр.  Үйлер толық жылытылған: қыста жылы, жазда салқын болады. Барлығы заманауи талаптарға сай жасалған», – деп жазды әнші.

Әншінің оқырмандары ризашылық білдіріп, «Жақсылығыңызды түсінетін адал адамдар болсын, аман болыңыз», «Осындай үйлерді өте жақсы ойлап тапқан. Алматыға көшкен соң мен де осындай үй алам деген жоспарым бар» деген сипаттағы пікірлер жазуда.

Back to top button