Күзден бастап еліміздегі мектептерге жасанды интеллект енгізіледі
Бұл – пилоттық жоба.
Жобаның бастапқы кезеңі Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 шағын мектепте басталады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында бұл пилоттық жоба болатынын айтты.
Жаңа цифрлық модельдің алғашқы элементтері ел бойынша таңдалған мектептерде сынақтан өткізіледі. Кешенді жоспардың бөлігі ретінде білім беру мекемелері жасанды интеллектіні пайдалану үшін цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Мұғалімдер біліктілікті арттырудан өтеді және білім беру процесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша нақты шешімдер әзірлейді.
«Пилоттық жобаға қатысуға дайын 500 мектептің тізімі жасалды, оның ішінде 250 шағын мектеп, 150 жалпы білім беретін мектеп және 100 Келешек мектептері бар», – дейді Жұлдыз Сүлейменова.