Жаңалықтар

Қырғызстанда Тәшиевтің бұрынғы орынбасары ұсталды

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды, деп жазады Tizgin.kz.

Kaktus.media дереккөзінің мәліметінше, ол кеше Ішкі істер министрлігінің Бас тергеу басқармасына жауап алуға шақырылып, кейіннен ұсталған.

Ташиевтің кезінде Рысалиев Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру орталығының директоры қызметін атқарған. Ол 10 ақпанда қызметінен босатылған.

Сонымен қатар, кеше онымен бірге арнайы қызметтің тағы екі қызметкері де ұсталған.

Back to top button