Жаңалықтар

Қырғызстан Қазақстан картобын өткізбей қойды

Қаптарда өнім атауы, шығарған ел және экспорттаушы туралы мәліметтер көрсетілген таңбалау болмаған, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

БЕКЕТТЕГІ ЖАҒДАЙ

Мұның алдында ресми мәліметпен 24.kg телеарнасы бөліскен болатын. Соған сенсек, қырғызстандық инспекторлар Қазақстаннан жеткізілген мол көлемдегі картоп партиясын «Ақ-Тилек» бекетінде өткізбей тоқтатқан.

Мәселенің мән-жайы тез-ақ анықталды. Қаптарда өнім атауы, шығарған ел және экспорттаушы туралы мәліметтер көрсетілген таңбалау болмаған.

КӨЛІК КЕРІ ҚАЙТТЫ

Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкес, мұндай таңбалау міндетті саналады. Ол жоқ болса, тауар заңсыз деп танылады.

Тексеру нәтижесінде жүк талаптарға сәйкес келмейді деп танылып, тексеруден өтпеген жүк көлігі кері қайтарылды.

Back to top button