Құрылтайда журналистер енді депутаттарға еркін сұрақ қоя алмайды (Видео)
Жаңа тәртіп тілшілерге депутаттарды бұрынғыдай кулуарда көруге мүмкіндік бермейді
Құрылтайда журналистер бұрынғы Мәжілістегідей енді кулуарда депутаттармен енді емін-еркін тілдесе алмайды. Бұл жөнінде журналистерге бүгінгі отырыстан кейін Құрылтай аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков мәлім етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Кальянбеков Құрылтай бюросының жұмыс форматын өзгерту туралы шешім қабылдағанын айтты.
“Журналистер енді депутаттарға сұрақтарын тек баспасөз орталығында қояды. Бұл өзгеріс қолданыстағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес енгізілді. Аккредиттеу қағидалары бойынша журналистердің депутаттармен жұмыс істейтін орнын мемлекеттік органның өзі белгілейді”, – деді ол.
Тілшілер Құрылтайда мұндай жаңа тәртіп не үшін енгізіліп жатқанын сұрап, наразылығын білдіргенімен, Кальянбеков бастапқы жауабынан басқа ештеңе айтқан жоқ. Ол бұл мәселе тілшілермен талқыланбайтынын мәлім етті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram