Құлыбаевтар холдингі бірінші жартыжылдық үшін 200 млрд теңге дивиденд төлейді
“Алмэкс” холдингтік тобы” АҚ осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жай акциялар бойынша дивиденд төлеуге 203,21 миллиард теңге бөледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бір дивиденд мөлшері қандай
Тиісті шешім қаржы есебі депозитарийінде жарияланған.
“Компанияның 2026 жылдың алғашқы алты айындағы 203 209 609 500 теңге көлеміндегі таза табысын жай акциялар бойынша дивиденд төлеуге бөлу туралы шешім қабылданды”, – делінген есепте.
Бір жай акцияға төленетін дивиденд 8940,15 теңге мөлшерінде. Дивидендті холдингтің жалғыз акционері саналатын “Алмэкс” холдингтік тобы” алады. Аталған сома банк шотына ақша түрінде аударылады.
Құлыбаевтардың дәулеті қанша
Айта кетейік, биыл мамыр айында “Алмэкс” холдингі 2023, 2024 және 2025 жылдар үшін жай акциялар бойынша бірден 462,3 миллиард теңге дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаған болатын.
Тимур және Динара Құлыбаевтар Forbes Kazakhstan-ның осы жылы мамырдағы бағалауына сәйкес елдегі ең бай 75 кәсіпкер рейтиңінде үшінші орында тұр. Олардың дәулеті 5,4 миллиард доллар деп бағаланған.