TOP-2Жаңалықтар

ҚТЖ еншілес компаниясының директоры тергеліп жатқанын растады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өзінің еншілес құрылымы – «Қазтеміртранс» АҚ филиалының директоры Ақылбек Базенов тергеліп жатқанын растады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қазтеміртранс» АҚ қазірг құзыретті құқық қорғау органдары тергеу әрекеттерін жүргізіп жатқанын растайды», – делінген ҚТЖ жұма күні таратқан хабарламада.

Компания жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде уәкілетті органдарға жан-жақты қолдау көрсетіп, барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынып отырғанын мәлімдеді.

«Қолда бар мәліметтерге сәйкес, филиал объектілерін күзету бойынша мемлекеттік сатып алуларда жеңіске жетуге жәрдем көрсеткені үшін ірі көлемде заңсыз ақшалай сыйақы алды деген ақпарат күмән туғызады. Себебі «Қазтеміртранс» АҚ мен күзет ұйымдары арасында аталған қызметтерді көрсетуге арналған шарттарды жасасу бойынша барлық рәсімдер аяқталған (анықтама үшін: АҚ-ның күзет қызметтеріне арналған жалпы бюджеті шамамен 200 млн теңгені құрайды, ал Алматы филиалында өндірістік базаларды күзетуге ағымдағы жылы 9 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл осы бағытта қамқорлық көрсеткені үшін берілді деп тараған пара сомасы туралы ақпараттан бірнеше есе аз). Өзге мән-жайлар тергеу барысында анықталады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Қазтеміртранс» АҚ заңдылық, ашықтық қағидаттарын ұстанатыны және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлде төзбеушілік саясатын жүргізетіні атап өтілген. «Егер заңнама бұзушылық фактілері расталса, заңда көзделген барлық шаралар қабылданады» деп сендіреді ҚТЖ.

Back to top button