Тергеу
Қостанай тұрғыны әйелін атып өлтірді
Қостанайда ер адам жанжал кезінде бұрынғы әйелін атып өлтіріп, полицияға өзі берілген, деп хабарлайды Tizgin.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ЕКІ РЕТ АТҚАН
Almaty.tv телеарнасының мәліметінше, 47 жастағы күдікті марқұмның басына аңшылыққа шығатын мылтықпен екі рет оқ атыпты. Ол Қостанай облысындағы “Азаматтарға арналған үкімет” бөлімінің қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген көрінеді. Оның атына тіркелген суық қару тәркіленді.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
“Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақатынан көз жұмған. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу-шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.