$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Жаңалықтар

Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Дәулет Бекманов Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Дәулет Бекмановты жаңа қызметке тағайындау туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорда 24 қыркүйекте хабарлады.

Бекманов 2025 жылдың шілдесінен бері «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болған.

Дәулет Бекмановтың бұған дейінгі қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық технологиялар салаларымен байланысты.

Ол 2020 жылдың ақпанынан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетін басқарған.

2023 жылдың мамырында «Қазпошта» АҚ-ның мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі басқарушы директоры қызметіне ауысқан. Кейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

Back to top button