Қазақстаннан ұшақтар Таяу Шығыс елдеріне қашан ұша бастайды
Таяу Шығысқа әуе көлігінің қауіпсіз сапарына жағдай жасалмаған. Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлім етті, деп хабарлайды Tizgin.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
ВИЦЕ-МИНИСТРДІҢ АЙТҚАНЫ
Бүгін Сенатта тілшілер Таяу Шығыс елдеріне Қазақстанның әуе компанияларының сапарын жандандыруға қатысты сұрақ қойды.
Қазақстандық әуе компаниялары сол бағыттағы рейстерді уақытша тоқтатты. Ол өңірдегі ахуал әлі де тұрақсыз әрі құбылмалы. Кейбір компаниялар әуе тасымалын жалғастырып келеді, яғни олардың қатарында Fflydubai-ды атап өтуге болады. Дегенмен, жақында дубайлық әуежайдың жұмысы да уақытша тоқтап қалған еді. Бұл тұрғыда қауіпсіз рейстерге төнген қауіпке байланысты шешімдер өзгеріп жатыр, – деді Т. Ластаев.
ТАЯУ ШЫҒЫСҚА ТАЯУДА САПАРЛАМАЙДЫ
Оның айтуынша, аталған мәселені ескере отырып, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Көлік министрлігі алдағы уақытта тиісті шешім қабылдайды.
Әзірге, отандық компаниялар уақытша ол жаққа сапарламайды. Сондықтан Таяу Шығыстағы әуежайлардың тұрақты жұмысы туралы айта алмаймыз, – деді вице-министр.