Жаңалықтар
Қазақстаннан Дубайға рейстер қайта ашылады
Air Astana 15 шілдеден бастап «Алматы – Дубай» және «Астана – Дубай» бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қайта орындай бастайды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, әуе компаниясы аймақтағы жағдайды бақылауда ұстап, қажет болса ұшу кестесіне өзгерістер енгізеді.
«Жолаушыларға барлық өзгеріс туралы қосымша ақпарат беріледі», – делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, әуе компаниясы 12 шілде күні Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты жұмысын тоқтатқан болатын.