TOP-2

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Путин келе жатыр

27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.

ТАРАПТАР НЕНІ ТАЛҚЫЛАЙДЫ

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТЕДІ

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Back to top button