Жаңалықтар

Қазақстанға келіп, жанармай құямын деген ресейлік жүргізушілерге шектеу қойылды – министр

Ресей азаматтары Қазақстан аумағындағы жанармай құю станцияларында шектеусіз жанармай құя алады. Бірақ ол үшін жанармайды штаттық багқа ғана құю қажет, деп хабарлайды Tizgin.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған мәліметпен Энергетика министрі Ерлан Ақккенженов бөлісті. Оның айтуынша, қолданыстағы ведомстволық бұйрық негізінде бензинді қосымша бактарға, канистрлерге және өзге де ыдыстарға құюға тыйым салынған. Сондықтан автожанармай құю станциялары осы талапты қатаң сақтауға міндетті.

«Егер адам келіп, жанармайды көліктің штаттық багына құйса, әрине, ешқандай мәселе жоқ», – деді Ерлан Ақкенженов.

Back to top button