$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Қазақстанға антициклон келеді: Қай өңірлерде күн салқындайды

Антициклон Қазақстанға салқын ауа райын әкеледі.

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 13–15 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жаңбыр жауып, күн салқындайды

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына бірнеше барикалық жүйе әсер етеді. Алдымен солтүстік циклон еліміздің батысынан шығысқа қарай жылжып, өзімен бірге жаңбыр, найзағай, желдің күшеюін, ал кейбір өңірлерде бұршақ алып келеді.

15 тамыздан бастап циклонның артынан антициклон ығыса бастайды. Соның әсерінен елдің батыс өңірлерінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

Оңтүстікте аптап ыстық сақталады

Ал Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы бұрынғыдай ыстық болып қала береді. Оңтүстіктен келетін жылы ауа ағындарының әсерінен жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы 37–42 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button