Жаңалықтар

Қазақстанға 17 азамат қайтарылды: Еңбек құлдығынан құтқару жұмыстары жалғасуда

Азаматтардың Қазақстанға қауіпсіз оралуына отандық дипломаттар қолдау көрсеткен.

2026 жылдың басынан бері Мьянма, Камбоджа және Лаоста еңбек құлдығына түскен 17 қазақстандық елге қайтарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстандық дипломаттар елге оралуға көмектесті

Ведомствоның мәліметінше, азаматтардың Қазақстанға қауіпсіз оралуына отандық дипломаттар қолдау көрсеткен.

«2026 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің көмегімен Мьянмадан 5 азамат, ал Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің қатысуымен Камбоджадан 8, Лаостан 4 Қазақстан азаматы елге қайтарылды», – деп жазылған Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

2022 жылдан бері 66 қазақстандық құтқарылды

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдан бері қазақстандық дипломаттардың көмегімен шетелде заңсыз ұсталып, еңбек қанауына ұшыраған 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылған.

Мьянмадан 49 азамат босатылған

Еске салайық, соңғы жылдары Мьянмадағы алаяқтық орталықтарынан (скам-орталықтардан) босатылған 49 қазақстандық елге оралған болатын.

Адам саудасына қарсы күрес күшейтілуде

Бұған дейін Қазақстанда адам саудасы мен еңбек қанауына қарсы күрес шараларын күшейту бағытында жаңа қадамдар қолға алынғаны хабарланған еді.

 

Back to top button