Жаңалықтар

Қазақстандықтар Қытайда өздерінің жүргізуші куәліктерін пайдалана алады

Бұл мүмкіндік Қытай азаматтарына да Қазақстанда беріледі. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі тиісті келісім жобасын әзірледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Енді емтихансыз жүргізуші куәлігін айырбастауға жол ашылады. Бұған дейін тек жүргізуші куәлігінің болуы жеткіліксіз еді.

Енді Қазақстан мен Қытай азаматтары Қазақстанда немесе Қытайда жүрген кезде жүргізуші куәліктерін қайта оқудан өтпей және біліктілік емтихандарын тапсырмай-ақ өзара айырбастай алады.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button