TOP-2Жаңалықтар

Қазақстандықтар қыркүйекте қанша күн демалады

2026 жылы қыркүйекте Қазақстанда мемлекеттік және ұлттық мерекелер жоқ. Сондықтан ел тұрғындарына қосымша демалыс күні берілмейді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өндірістік күнтізбеге сәйкес, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қыркүйекте 8 күн демалады. Демалыс күндері:

  • 5–6 қыркүйек;
  • 12–13 қыркүйек;
  • 19–20 қыркүйек;
  • 26–27 қыркүйек.

Ал алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін азаматтарға жексенбіге сәйкес келетін төрт демалыс күні беріледі.

Осылайша, қыркүйекте бес күндік жұмыс аптасында 22 жұмыс күні, ал алты күндік кестеде 26 жұмыс күні болады. Қосымша мерекелік демалыстар қарастырылмаған.

Back to top button