Экономика

Қазақстандықтар жаңа қытай көліктерін жиірек сатып ала бастады

Соңғы жылдары Қытай автокөліктері ішкі нарықта айқын басымдыққа ие бола бастады. Kolesa.kz жүргізген жаңа зерттеуге сәйкес, Қазақстанда жаңа автокөліктер сатылымындағы қытайлық брендтерінің үлесі 2023 жылы 30,6%-дан 2025 жылы 39%-ға дейін өскен, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, бастапқы нарық рекордтық көрсеткіштерге жетіп жатқанымен, екінші нарық енді ғана «жандана» бастаған.

Сатылым көшбасшылары: кімдер алда?

Қазақстандық сатып алушылар қытайлық автокөліктерді таңдауда ресми дилерлерге жиірек жүгінуде. 2025 жылғы ең көп сатылған маркалар рейтингі төмендегідей:

changan cs55 plus – 5109
changan x5 plus – 3609
jac j7 – 2850

Екінші нарық: ұсыныс артып келеді

Kolesa.kz платформасында қолданыстағы қытай автокөліктерін сату туралы хабарландырулар саны шамамен үш есеге өсіп, жалпы көлемнің 3,7%-ына жетті. Көлік иелері сатылымға ең жиі мына модельдерді шығарады:

2025 жылғы Kolesa.kz платформасында сатылымға қойылған қытайлық модельдер:

changan cs55 plus – 5109
changan x5 plus – 3609
jac j7 – 2850

Қытайлық көлікті таңдарда әлі де күдік басым

Пайдаланушылардың технологиялық жаңалықтарға деген қызығушылығы өте жоғары. 2025 жылдың желтоқсанында қаралым саны бойынша рекорд орнатқан модельдер қатарында Deepal S07, Changan X5 Plus, BYD Destroyer 05 және премиум санатындағы Li L9 бар.

Алайда сарапшылар бір қызықты жайтты атап өтті. Модельдің интернетте аса танымал болуы, әрдайым нақты сатып алады деген сөз емес. Егер жапон және корей маркаларында сатып алуға дайындық деңгейі (қоңыраулар саны) 3%-дан асса, қытайлық брендтерде бұл көрсеткіш әзірге 2,1% шамасында. Қазақстандықтар жаңа модельдердің дизайны мен функцияларын белсенді түрде зерттегенімен, түпкілікті шешім қабылдауда белгілі бір сақтық танытады.

Айта кетейік, көптеген қазақстандықтар Chery, Haval, Geely, Changan, Jetour сияқты брендтерді таңдайды. Қазақстанның автокөлік одағының дерегінше, олар елде ең көп сатылған көліктердің ондығына кіреді.

Back to top button