$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Спорт

Қазақстандық Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде басталған әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Tizgin.kz. 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен 24 жастағы спортшы Қазақстан құрамасына осы жарыстағы алғашқы жүлдені әкелді.

Әлем чемпионын жеңіп, финалға шықты

Шерзод Давлатов финалға дейін бес қарсыласынан басым түсті. Олардың арасында қазіргі әлем чемпионы да бар. Қазақстандық дзюдошы жартылай финалда жапониялық Рюдзю Нагаяманы жеңіп, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Шешуші белдесуде Давлатов әзербайжандық Ахмед Юсифовпен кездесті. Қазақстандық спортшы «вадза-ари» ұпайын алғанымен, қарсыласы кейін иппонмен жеңіске жетті. Осылайша, Давлатов әлем чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады.

Қазақстан қоржынындағы алғашқы медаль

Давлатовтың күмісі Қазақстан құрамасының Бакудегі әлем чемпионатында жеңіп алған алғашқы медалі болды.

Жарысқа қатысқан өзге қазақстандықтар — 60 келіге дейінгі салмақтағы Аман Бақытжан, сондай-ақ 48 келіге дейінгі салмақта белдескен Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева финалдық кезеңге өте алмады.

Back to top button