Қазақстандық балмұздақтың шетелге экспорты рекордтық деңгейге жетті
Қазақстандық балмұздақ шетел нарығында барған сайын танымал бола түсуде.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында отандық кәсіпорындар 14,5 мың тонна балмұздақ өндірген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы LS сайтына сілтеме жасап.
Салқын тәтті өнімнің экспорты да айтарлықтай өсті. Үш ай ішінде шетелге 3,7 мың тонна салқын тәтті өнім сатылып, экспорт көлемі 14,5 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе жоғары.
Қазақстандық балмұздақтың негізгі сатып алушысы бұрынғыдай Ресей болып отыр. Бұл елге 2,6 мың тонна өнім экспортталған, өсім – 31,8%. Сондай-ақ, Қырғызстанға жеткізілім көлемі 2,3 есеге артып, 967,9 тоннаға жетті. Өзбекстанға 153 тонна балмұздақ жөнелтілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,6%-ға көп.
Экспорттаушы елдер қатарына Тәжікстан мен Моңғолия да қосылды. Аталған кезеңде Тәжікстанға 27,2 тонна, ал Моңғолияға 8,1 тонна өнім жеткізілген. Өткен жылы бұл мемлекеттерге балмұздақ экспортталмаған еді.
Сонымен қатар, импорт көлемі де өсті, алайда қарқыны экспортқа қарағанда төмен болды. Қазақстанға сырттан әкелінген балмұздақ көлемі 9,7%-ға артып, 1,5 мың тоннаны құрады.
Импорттың басым бөлігі Ресейден жеткізілді – 838,4 тонна. Дегенмен бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға төмендеген. Ал Қырғызстаннан әкелінген өнім көлемі 2,8 есеге өсіп, 484,6 тоннаға жетті.
Қазақстанға Өзбекстаннан 69,7 тонна (+2,5 есе), Беларусьтен 18,5 тонна (+7,5%) және Швейцариядан 15,1 тонна (-0,6%) балмұздақ импортталған.
Бұдан бөлек, Оңтүстік Кореядан, Қытайдан және Біріккен Араб Әмірліктерінен де аз көлемде балмұздақ жеткізілген.