TOP-2Жаңалықтар

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы медианалық және орташа айлық жалақы мөлшері туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстандағы орташа жалақы қанша?

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарды есептемегендегі орташа айлық атаулы жалақы 486 388 теңгені құрады.

Айта кетейік, бір тоқсан ішінде орташа жалақы 5,4%-ға өскен.

Қазақстан өңірлеріндегі орташа жалақы

Ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында тіркелді – 673 656 теңге.

Астанада орташа жалақы 647 920 теңге, ал Атырау облысында 631 555 теңге болды.

Алматыда орташа жалақы 610 371 теңгені, Шымкентте 377 710 теңгені құрады.

Ең төменгі көрсеткіштер:

  • Жетісу облысы – 377 798 теңге;
  • Жамбыл облысы – 375 456 теңге;
  • Түркістан облысы – 370 964 теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 363 123 теңге.

Қазақстандағы медианалық жалақы

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан бойынша медианалық жалақы 348 415 теңгені құрады.

Медианалық жалақы – жалақы көрсеткіштерін ең төменнен ең жоғарыға қарай орналастырғанда қатардың дәл ортасында орналасатын көрсеткіш.

 

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button