Жаңалықтар

Қазақстанда үздік дәрігерлерге 2,1 млн теңгеден сыйақы беріледі

Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған «Өз кәсібінің үздігі – 2026» конкурсын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ведомство мәліметінше, іріктеуден өткен жеңімпаздарға 500 АЕК, яғни 2 162 500 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.

«Қазіргі уақытта республикалық кезең өткізілуде, оның шеңберінде өңірлік кезеңнің жеңімпаздарының арасынан Денсаулық сақтау министрлігінің конкурстық комиссиясы 17 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтап, оларға 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы тағайындайды», – делінген хабарламада.

Байқау барлығы 17 номинация бойынша ұйымдастырылады. Олардың қатарында “Үздік стационар дәрігері”, “Үздік жедел жәрдем дәрігері”, “Үздік ауыл дәрігері”, “Үздік акушер”, “Үздік фельдшер”, “Үздік мейіргер”, “Үздік провизор” және денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым мен менеджер номинациялары бар.

Сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің үздік оқытушылары, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мамандары және әлеуметтік қызметкерлер де марапатталады.

Back to top button