Жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір демалыс пайда бола ма – вице-министр жауап берді

Елде қосымша демалыс күнін енгізу мәселесі қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметте өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚОЙҒАН СҰРАҚ

Брифинг барысында журналистер Конституция күнін ұлттық мереке қылып белгілеп, бұрын 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнінде болғандай, екі күндік демалыс енгізу жоспарда бар ма, жоқ па екенін сұрады.

Шегай бұл сұраққа жауап беріп, тиісті өзгерістер қабылданған соң 25 қазан Қазақстанда ұлттық мереке және ресми демалыс күні болатынын еске салды.

“Конституция күніне келсек, жаңа Конституция күшіне енгенде 25 қазан да мерекеге айналғанын білесіздер. Соны ескерсек, бұл ресми демалыс күні”, – деді вице-министр.

ТАҒЫ БІР ДЕМАЛЫС ПАЙДА БОЛА МА

БАҚ өкілдері алдағы уақытта кейбір басқа мерекеге ұқсас тағы бір қосымша демалыс күнін енгізу мәселесі талқылануы мүмкін бе деп нақтылады.

Вице-министрдің айтуынша, мұндай мәселе қоғам тарапынан сұраныс түскен жағдайда қарастырылуы мүмкін.

“Екі демалыс күніне қатысты айтсам, бұл жағы тұрғындардың ерік-жігерін ескере отырып қаралады деп ойлаймын. Аталған сұраққа қазір жауап беруге дайын емеспін”, – деді ол.

Back to top button