Қазақстанда коммуналдық тарифтер қымбаттайды
Журналистер бүгін энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтан мораторий біткеннен кейін коммуналдық тарифтер қашан және қаншаға өсетінін сұраған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ВИЦЕ-МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ
Вице-министр компаниялар бағаны бірден көтере алмайтынын айтады. Сөзінше, табиғи монополия комитетіне қазір олар қаншаға өсіретінін өтініш ретінде жолдаған. Өтініштері қаралып жатыр.
«Екіншіден, әр өңірде өзінің аумақтық департаменті бар. Электр энергия мен су тарапының тарифін өсіру жайлы өтінімнің бірін кеш, бірін ерте беруі мүмкін. Сондықтан, әр өңірде тарифтің өзгеруін тыңдаулар өтпей, ондай болмайды», – деді ол.
ЖАЛАҚЫ КӨТЕРІЛЕ МЕ
Есімханов «тарифтер өсуі мүмкін» екенін ашық айтып жатқандарын айтты.
«Өйткені инфляция бар. Тиісті құралдар қымбаттайды. Ол жердегі мекемелерде жерлестеріміз жұмыс істейді. Жалақыларын көтеруіміз керек. Сондықтан, ол мәселелер объективті түрде қаралып, тиісті себептер болғанда өсуі мүмкін», – деді ол.