Қазақстанда көмір бағасы қанша: өңірлер бойынша салыстыру
Қазақстанда көмірдің бірнеше түрі сатылады. Халық арасында кең таралған түрлерінің бірі – Шұбаркөл көмірі.
Қазақстанда жылыту маусымы басталды. Көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары аяқталып жатқанда, жеке сектор тұрғындары қысқа қажетті көмір қорын жинап жатыр. Еліміздің әр өңірінде көмірдің бағасы әртүрлі, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Көмір қай өңірде арзан
Қазақстанда көмірдің бірнеше түрі сатылады. Халық арасында кең таралған түрлерінің бірі – Шұбаркөл көмірі. Бұл көмірдің ең төмен бағасы Қарағанды облысында тіркелген. Мұнда бір тонна көмір шамамен 16 300 теңге тұрады. Ал облыс бойынша орташа баға 20 мың теңгеге жуықтайды. Ұлытау облысының тұрғындары да бір тонна көмірді шамамен 20 мың теңгеге сатып алады.
Басқа өңірлерде көмір қанша тұрады
Ақмола облысында бір тонна Шұбаркөл көмірінің бағасы 21 мың теңгені құрайды. Ал Түркістан облысында оның құны 23 мың теңгеден асады. Павлодарда бір тонна көмір 23–25 мың теңге аралығында сатылса, Петропавлда шамамен 24 500 теңге тұрады.
Көмір бағасына жеткізу құны да әсер етеді
Өңірлердегі көмір бағасының айырмашылығы айтарлықтай. Дегенмен тұрғындар отын сатып аларда оның тек сатылымдағы құнын ғана емес, жеткізу шығындарын да ескеруі қажет, өйткені кей жағдайда тасымалдау ақысы көмірге жұмсалатын жалпы шығынды едәуір арттырады.