Қазақстанда жаңа саяси партия құрылады

Бір топ азамат «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бастамашыл топтың мәлімдеуінше, жаңа партия прогрессивті реформаларды қолдайтын және Әділетті Қазақстан идеясын ұстанатын азаматтардан құралмақ. Олар 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған жаңа Конституция ел дамуының жаңа кезеңін айқындағанын атап өтеді.
Партияның негізгі мақсаты – жаңа Конституция қағидаттарына сүйене отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау.
Бастамашылардың айтуынша, олардың қатарында саяси тәжірибесі бар азаматтар да, бұрын партиялық қызметке қатыспаған адамдар да бар.
Сондай-ақ бастамашыл топ өз идеяларын жүздеген мың азамат қолдайтынын айтып, алдағы сайлауларға қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. Олардың пікірінше, қоғамдық қолдау партияның жетекші саяси күшке айналуына мүмкіндік береді.
Бастамашылар жақын күндері партияны тіркеу рәсімін бастау үшін Әділет министрлігіне тиісті өтініш жолдамақ.
Инициативалық топ құрамында кәсіпкер Андрей Лаврентьев, Астана халықаралық қаржы орталығы басқарушысы Ренат Бектұров, «Әділ сөз» қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, саясаттанушы Марат Шибутов және өзге де танымал тұлғалар бар.